top of page
Search

Қазақстанның 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды

Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар.


Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азаматтар өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады.

Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімімен тағайындалады.


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.


Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі омбудсмендер балаларға арналған ұйымдарға кедергісіз кіре алады. Сондай-ақ олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.

«Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Алматы облыстарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Ал қалған 4 облыста кандидаттар тізімі әлі қаралып жатыр. Біз комитет өкілдері ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен белсенді жұмыс істейміз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

  1. Бимендина Әсима Темкенқызы (Астана қ.)

  2. Болатбаева Тілектес Аманқосқызы (Маңғыстау облысы)

  3. Вероцкая Гүлжан Ералықызы (Түркістан облысы)

  4. Еділ Қонайұлы (Ақтөбе облысы)

  5. Каленова Аксана Александровна (Шығыс Қазақстан облысы)

  6. Аманқұлова Арайлым Жұмағалиқызы (Қостанай облысы)

  7. Өтебалиева Шаттық Саматқызы (Батыс Қазақстан облысы)

  8. Сисекенова Райхан Маратқызы (Жетісу облысы)

  9. Бағжанов Дәурен Оралұлы (Жамбыл облысы)

  10. Покидова Наталья Сергеевна (Павлодар облысы)

  11. Жазықбаева Жаннета Қанайқызы (Шымкент қ.)

  12. Киселева Ирина Болеславовна (Қарағанды облысы)

  13. Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы (Солтүстік Қазақстан облысы)

  14. Асаинова Әсем Әнуарбекқызы (Ақмола облысы)

  15. Есімбекова Айгүл Қанатқызы (Алматы облысы)

  16. Жүнісова Эльзира Әуесханқызы (Абай облысы)


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Comentarios


bottom of page