top of page
Search

Қазақстанның 28 университетінің басшылары жоғары білім беру саласындағы трансформацияға дайын

1-2 желтоқсанда Назарбаев Университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі дайындаған «Басқарушы университеттің көшбасшылығы» бағдарламасының соңғы модулі өткен, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Шараның ашылуында бағдарламаға қатысушылар алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы алға қойған білім сапасын арттыру міндетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.


Тамара Дуйсенова

«Әлеуметтік және инфрақұрылымдық салаларда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру міндеті бірінші орында тұр. Біз Ұлттық баяндаманың жобасын дайындадық. Оның мақсаты – оқытуды ұйымдастыру парадигмасынан тұлғаның қалыптасуын қалыптастыру парадигмасына көшуі. Біртұтас тәсіл оқытудың бірізділігі мен үздіксіздігін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағдарлама бойынша құзыреттілігін арттырған ректорлар мен проректорлардың енді білімдерін орта буын менеджерлерге де жеткізу маңызды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі ұйымдастырған «Университет басшыларына арналған көшбасшылық» бағдарламасы Қазақстанның 28 мемлекеттік университетінің басшыларын, оның ішінде ректор, проректор, декандар мен кафедра директорларын біріктіріп, заманауи динамикалық ортада университеттерді тиімді басқару үшін қажет білім мен практикалық құралдармен таңысуға мақсатталған.


Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат өз сөзінде бағдарламаны ұйымдастыру үшін Назарбаев Университетінің ұжымына алғыс айтып, курстың тәжірибелік құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті.


Талгат Ешенкулов

«Жоғары білім саласындағы көшбасшылардың дайындығы – министрліктің бақылауында тұратын мәселелердің бірі. Назарбаев Университеттің ұжымы біздің ұсынысты қолдап, осындай 9 модульден құрылған курс дайындады. Бағдарламада көшбасшылық, шешім қабылдау, зерттеу қызметі, және шетелдік университеттермен біздің тәжірибемізді салыстыру бағыттарын қамтиды», – атап өтті вице-министр.

2023 жылдың сәуірінде іске қосылған бағдарлама 9 интерактивті модульді қамтыды. Көшбасшылардың әрбір кездесуі университеттегі қайта құрудың әртүрлі процесстеріне арналды.


Олардың ішінде: университеттердің құндылық бағдарлары, көшбасшылық, университет құрылымы, студенттік мәселелерді шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету.


Executive University Leadership Program

Курс аясында ректорлар мен проректорлар жоғары білім саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардың, министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының дәрістерін тыңдап, топтық жұмыс жасап, университеттерде атқарылған жұмысын атап өтіп, тәжірибелерімен бөлісті.


8-ші халықаралық модуль аясында қатысушылар рейтингі жоғары британдық - Bath University, Reading University и Cardiff Metropolitan University -университеттердің – озық тәжірибелерін егжей-тегжейлі зерттей алды.


1-2 желтоқсанда қорытынды модуль барысында 2 күн бойы қатысушылар алдыңғы тренингте алған білімдері мен дағдыларын біріктіре отырып, топтық жобаларын қорғайды, сонымен қатар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылайды.


Қорытынды модульдің соңында барлық қатысушыларға оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар беріледі. Университет басшыларына арналған бұл курс Academic Leadership («Академиялық көшбасшылық») бағдарламасы жобасының бір бөлігі ретінде өткізілді. Бұл бағдарлама аясында декандар мен ЖОО-ның басқа да санаттағы негізгі қызметкерлері үшін курстар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.


Executive University Leadership бағдарламасының серіктестері: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, британдық Бат университеті, Рединг университеті мен Кардифф Метрополитен университеті, сондай-ақ жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылар Дэвид Локк пен профессор Джон Дэвис.


Executive University Leadership Program






Comments


bottom of page