top of page

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеу

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 17-29 сәуір аралығында өтеді.


Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеу

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.


Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді.


Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

– тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36;

– Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9;

– Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15.

Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60.


Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.


Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді.


Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде - 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page