top of page
Search

Қазақстан құрама командасы «Таланттарды даярлау зертханасы» халықаралық олимпиадасында үшінші орынға ие болды

Баку қаласында физика, химия және математика пәндері бойынша оқушылардың «Таланттарды даярлау зертханасы» халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Саясат Нурбек и Сунь Яо

Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия құрама командалары қатысты. Қазақстан құрама командасы 3 қатысушыдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша олар 1 күміс медаль ұтып алып, 3 командалық орынға ие болды.


Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу.


Олимпиада қорытындысы бойынша:


Күміс медаль және командалық үшінші орын - Дария Бектұрсын - дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы;


Командалық үшінші орын - Абылай Аппас - Алматы қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамының 9 сынып оқушысы;


Командалық үшінші орын - Ерасыл Алтынбек - Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей- интернатының 9 сынып оқушысы.


Құрама команданың жетекшісі:


Нұрдәулет Қаласов - PhD доктор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.


Айта кетсек, «Таланттарды даярлау зертханасы» жобасы бірнеше жыл қатарынан Әзірбайжанда өтіп келеді. Бұл олимпиаданың басқа олимпиадалардан айырмашылығы, оның қатысушылары - 15 жастағы жасөспірімдер физика, математика және химия пәндері бойынша жоғары білім деңгейін көрсетуі керек.

Comments


bottom of page