top of page
Search

ҚАЗҰУ-да жас ғалымдар көрмесі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар көрмесі өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Шараның мақсаты – университеттегі жас ғалымдардың инновациялық жобаларын көпшілікке кеңінен таныстыру.


Студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының Президенті Арман Қашқынбеков тамашалады.


Көрмеде ҚазҰУ-дың филология факультетінің өнертапқыштары «Қазақ тіліндегі ең ауқымды тұңғыш онлайн омонимдер сөздігі» атты жобасын ұсынды.

Жобаның мақсаты – қазақ тіліндегі омоним сөздердің қолданысын кеңейту және оқырмандар үшін қызмет көрсету әдісін жеңілдету.

Авторлардың айтуынша, жоба сайт арқылы жүзеге асады. Кез келген адам сайтта қазақ тіліндегі бір сөзді жазу арқылы, оның қай сөз табына жататынын, мағынасын және мазмұнын біле алады.


Жас ғалымдар көрмесінде физика-техникалық факультетінің 1-курс студенті Мұрат Елеусінов өзінің көлік жүргізушілеріне арналған ғылыми жобасын таныстырды. Жас ғалым алыс жолға шыққан жүргізушілер үшін арнайы дыбыстық сигналы орнатылған көзілдірік дайындаған.

Егер жүргізуші жол үстінде ұйықтап кетсе, 2 секундтан кейін дыбыстық жүйе арқылы сигнал ойнайды. Жоба авторы өз сөзінде көзілдірік жол апатының алдын алуға сеп болатынын жеткізді.


Көрмеде барлығы 20-ға жуық ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобалар қойылды.


Comments


bottom of page