top of page

ҚазҰУ медицина бағыты бойынша үздіктер қатарында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина бағыты бойынша посткеңестік елдердегі ең жылдам дамып келе жатқан университеттер тізімінде үздік 20-ға кірді.



Оқу ордасы BIGR 2025 Edition рейтингінде 194,2 пайыз көрсеткішпен 16-орынды иеленді. Ал отандық жоғары оқу орындары арасында көш бастады.


Үздіктерді анықтау барысында сарапшылар 1991-2024 жылдар аралығында PubMed-те индекстелген кемінде 500 басылымы бар университеттерді ғана қарастырған.


Ғылыми жарияланымдар университеттің әлемдік білім мен инновацияға қосқан үлесінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Олар зерттеулердің санын ғана емес, сонымен қатар олардың өзектілігі мен маңызын да көрсетеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page