ҚазҰУ студенті халықаралық байқауда бірінші орын алды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің III курс студенті Аида Бегайдарова Қытай Халық Республикасының Шеньчжень қаласында өткен «Huawei Global Final ICT COMPETITION 2022-2023» халықаралық байқауында жүлделі I орын иегері атанды.
Huawei ICT Competition компаниясы ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу алаңында әлемдік ЖОО студенттерінің қарым-қабілетін көрсету.
Байқауға 74 мемлекет пен аймақтардың 2000-нан астам университеті мен колледжінен келген 120 мың студент қатысты.
Байқау аясында қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибелік дағдыларын көрсетіп, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолданудан бәсекеге түсті.
А.Бегайдарова ҚазҰУ атынан Қазақстан құрамасы қатарында байқауға қатысып, ел намысын қорғады.

Comments