top of page
Search

Қандай үйірмелер мен секциялар тегін болады


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова балаларға арналған қандай үйірмелер мен секциялар мемлекеттік тапсырыспен төленетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Шығармашылық үйірмелердің бекітілген тізімінде 9 бағыт бойынша 59 үйірме бар. Олар – би, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы шығармашылық, театр және кино, заманауи арт-индустрия, вокал, аспаптық орындау, музей ісі және әдеби үйірмелер», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Комитет өкілі әр өңірде шығармашылық үйірмелер жыл сайын балалардың қажеттілігіне және қызмет көрсетушілер мүмкіндігіне байланысты, көзделген нысаналы қаражат шегінде жұмыс істейтінін айтты.


«Бірінші кезекте платформада шығармашылық үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруға дайын қызмет көрсетушілер тізімі жасалуы тиіс», - дейді Күміс Сейітова.


Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов Қазақстанда 82 мың бала үйірме мен спорт секциясына тегін қатыса алатынын айтқан еді.


Балалар үйірмелері мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру үшін Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі әзірленді.


Автор: Айжан Серікжанқызы



Kommentare


bottom of page