ҚАТЗУ-да IAAR институционалдық аккредиттеуінің екінші күні өтті
- Редакция "СО"

- Feb 25
- 1 min read
2026 жылғы 24 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының институционалдық аккредиттеу аясындағы жұмысының қорытынды күні өтті.

Сарапшылар университеттің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасына визуалды шолу жүргізді. Комиссия мүшелері бас оқу корпусының инфрақұрылымымен, кітапхана және білім орталығының қызметімен, бейнестудия жұмысымен, сондай-ақ органикалық агротехнологиялар инжинирингтік орталығы мен Seifullin University Агротехнопаркі қызметімен танысты.
Зерделеу жұмыстары аясында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің мүшелері «Био-ҚАТЗУ» зертханасын, жемшөп сапасын зерттеу және жайылым экожүйелерін сақтау зертханаларын, биотехнология және өсімдіктерді қорғау зертханаларын, 3D визуализация және робототехника зертханалары мен агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттер орталығын аралап көрді.
Сарапшылар ет, сүт және өсімдік майын өңдеуге арналған тәжірибелік-өндірістік цехтарға, Жер ресурстары және архитектура институтының геодезиялық құралдар көрмесіне, сондай-ақ университеттің спорттық инфрақұрылымына, оның ішінде «Сарыарқа» спорт кешеніне ерекше назар аударды.
Сыртқы сараптау комиссиясы университеттің білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасатын арнайы базалардың жұмысын бағамдады. Сарапшылар білім алушылардың практикалық даярлықтан өту жағдайларымен, университеттің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылымен танысып, теориялық оқытудың өндірістік қызметпен ықпалдасу деңгейін тексерді.
Комиссия мүшелеріне заманауи зертханалар мен өндірістік алаңдардың жарақтандырылу деңгейі, олардың білім беру үдерісі мен ғылыми зерттеулер және инновациялық қызметпен интеграцияны кешенді бағалау жұмыстары таныстырылды.
Жұмыс барысы бойынша сыртқы сараптау комиссиясының университет басшылығымен қорытынды кездесуі өтіп, жалпы атқарылған жұмыстардың алдын ала нәтижелері шығарылып, білім беру және ғылыми қызметті одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.
Комиссия мүшелері жұмысты ұйымдастырудың жүйелілігін, басқарушы құрамның ашықтығын және профессор-оқытушылар құрамының, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен білім алушылардың білім сапасын қамтамасыз ету үдерістеріне белсенді тартылуын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, университетте білім беру үдерісіне қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және қол жеткізілген нәтижелерді объективті бағалауға мүмкіндік беретін қолайлы жұмыс ортасы қалыптасқан.



Comments