Қазақстаннан екі команда Google Solution Challenge әлемдік хакатонының финалына шықты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Жыл сайын Google Solution Challenge аясында университет студенттері бір немесе бірнеше Google өнімдерін немесе платформаларын пайдалана отырып, жаһандық мәселелерді шешуді ұсынады. Хакатон БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына арналған.
Биыл әр елден 5 мың команда өтініш берген. Қазақстан атынан екі команда - BeJomart және ReVita қатысуда.
BeJomart жобасын ҚБТУ студенттері Альтаир Кабдрахманов, Азат Амен, Дина Казиева және Ақнұр Каппарова әзірледі. Олардың жобасы теңсіздікпен күресуге бағытталған.
ReVita жобасын ҚБТУ студенттері Дінмұхамед Нұран мен Аңсар Серікбаев және Назарбаев Университетінің студенттері Диас Баймұханов пен Мадияр Молдабаев әзірледі. Бұл пациенттерге трансплантациялаудан өткен ағзаны қалпына келтіруге және эмоционалды жеңуге көмектесетін қосымша.
Comentários