top of page
Search

Қонаев академиялық қалашылығының құрылысына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Ғылым және жоғары білім министрлігінде Алматы облысында орналасатын Қонаев академиялық қалашылығының құрылысына инвестиция тарту мәселелері талқыланды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Министр Саясат Нұрбек Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен және Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевпен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – ірі халықаралық қаржы ұйымдарын Қонаев академиялық қалашығының құрылыс жобасымен таныстыру.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы болашақта студенттер мен жастар үшін ғылыми-білім беру және мәдени орталыққа айналуы үшін Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды. Жобаның басты идеясы – Алматы қаласына жүктемені азайту. Алматыда 36 жоо бар, 250 мыңға жуық студент оқиды. Біз мегаполистің инфрақұрылымы жыл сайын өсіп келе жатқан студенттерді қамтамасыз ете алмайтынын, оқу ғимараттары мен жатақханалар жетіспейтінін көріп отырмыз», - деп атап өтті министр.

Comentarios


bottom of page