top of page

Қорқыт ата университетінде Студенттік Ассамблея ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастардың бірлігін нығайту және этносаралық татулықты арттыру мақсатында Студенттік Ассамблея құрылды. Бүгінде университет қабырғасында 99 этнос өкілі білім алуда.


В Университете имени Коркыт Ата открылась Студенческая Ассамблея

Ассамблеяның ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Каримова, сондай-ақ республиканың әр аймағынан келген делегаттар мен белсенді жастар қатысты.


Студенттік Ассамблея төрағасы болып Педагогика және дәстүрлі өнер институтының студенті Исмаил Махадинов сайланды.


Жастардың басын қосқан форум аясында «Жасыл ел» идеясын қолдау мақсатында ботаникалық бақта ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шара «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысымен жалғасты.

Commenti


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page