top of page

Қостанай облысында «Серпін» бағдарламасын қайта жандандыру

Updated: Feb 17


 

2025 жылы өңірдің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстары мектептерінің түлектеріне арналған «Серпін» бағдарламасы қайта басталады.   

Жобаның мақсаты еңбек ресурстары артылып жатқан оңтүстік өңірлерінен келген жастарды кадрлар тапшылығы байқалатын өңірлерде оқыту және жұмысқа орналастыру болып табылады. 


Жобаны іске асыру бойынша жұмыс Өңірлік жол картасына сәйкес жүргізіледі. Облыста техникалық, ауыл шаруашылығы және педагогикалық мамандықтар бойынша 550 адамды оқытуды жоспарлап отырған 15 колледж белгіленді.


Жоба қатысушыларын қабылдау нысаналы тапсырыс аясында жүзеге асырылады, бұл кейіннен Қостанай облысында жұмысқа орналасудың кепілі болмақ. Өңірдің 40-тан астам кәсіпорындарымен шарт жасасу жоспарланған.


Колледждердің үгіт-насихат бригадалары бекітілген кестеге сәйкес қаңтар - мамыр айлары аралығында оңтүстік өңірлерге шығуы жоспарлануда.


20-24 қаңтараралығында үгіт-насихат бригадаларының алғашқы жұмысы басталды, оның құрамына колледж директорлары мен мамандары кірді.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыста «Серпін» жобасы 2014 жылдан 2021 жылға дейін жүзеге асырылған болатын. 10 колледжде студенттер Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан жалпы контингенті 337 адам оқыды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page