ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Меморандумға министр Саясат Нұрбек пен қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Дидар Смағұлов қол қойды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловпен кездесті. Кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы негізгі мәселелер талқыланды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді сипатта болуы керек. Мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш-жігері қажет. Сондықтан бүгін біз «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойдық. Құжаттың басты мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың студенттері мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болады», – деді министр Саясат Нұрбек.
Меморандум аясында тараптар жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері арасында кешенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келісті.
Comments