top of page
Search

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Италиямен ынтымақтастықты нығайтуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-19 қаңтарда Италияға ресми сапары аясында екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды.


Осындай келісімдердің бірі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Италияның Білім, университеттер және ғылыми зерттеулер министрі Анна Мария Бернини қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандум болды.


Меморандум алмасу рәсімі ҚР Президентінің Италияның Министрлер кеңесінің төрағасы Дж. Мелонимен кездесуі аясында өтті.


Мақсаты – жоғары білім, ғылыми зерттеулер мен инновациялар бағыты бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайту.


Сапар барысында министрлердің екіжақты кездесуі өтті, онда ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары, әлемнің үздік ғылыми орталықтары мен университеттеріне «Қазақстанның 500 ғалымы» жобасы, «Болашақ» халықаралық стипендиясы талқыланды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға ортақ міндеттемені білдіретін кездесуді ұйымдастырғаны үшін Анна Мария Берниниге алғысын білдірді.


«Қазақстан мен Италия жоғары білімнің болашақты қалыптастырудағы іргелі рөлін мойындайды. Біз білімнің, инновацияның және жоғары білім берудегі кемелдікке ұмтылудың трансформациялық күшін түсінеміз. Бүгін біз білім беру байланыстарын нығайту және оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі миссиямызда біргеміз. Біздің елдеріміз қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандум бірлескен бастамалар, алмасу бағдарламалары және зерттеу серіктестігін нығайтуда берік негіз, басшылық болатыны сөзсіз. Осы меморандумның арқасында біздің оқытушы, студенттеріміз, зерттеушілеріміз және академиялық ортамыз білімдерімен алмасып, оны таратуға өз үлестерін қоса алатындай платформа құрамыз деп үміттенемін» - деді С.Нұрбек.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Италияның білім, зерттеу саласындағы тәжірибесіне тоқталып, итальяндық ғалымдар ғылыми жетістіктер мен зияткерлік прогрестің алдыңғы қатарында екенін атап өтті.


Қазақстан мен Италия арасындағы серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі жоғары білім беру саласы болып табылады. Университет деңгейіндегі қолданыстағы келісімдер шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі нысандарына студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, қос диплом бағдарламалары, бірлескен білі


м беру және ғылыми жобалар, оқытушылардың кәсіби даму мүмкіндіктері жатады.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап Horizon Europe бағдарламасы шеңберінде бірлескен қазақстандық-итальяндық жұмыс тобын құруды ұсынды. Италия университеттерімен консорциумда жұмыс істеу қазақстандық университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарына еуропалық гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу принциптері мен тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.


Өз кезегінде Италияның Білім, университеттер және ғылыми зерттеулер министрі Анна Мария Бернини тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізіп, екі елдің достық қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғады:


«Біздің меморандум Италия мен Қазақстанның ұлттық ғылыми-инновациялық бағдарламалары, ғылыми-зерттеу институттары, инфрақұрылымы мен университеттері арасындағы тығыз әріптестік үшін жағдай жасауға бағытталған. Біз геология, технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ агротехнология, климатология, биотехнология, декарбонизация, шығармашылық индустрия және өнеркәсіптік дизайн сияқты өзекті және заманауи салаларға назар аударуға келіскенімізге өте қуаныштымын».

Айта кету керек, білім беру саласында қазақстандық және итальяндық жоғары оқу орындары арасында 30-дан астам келісім жасалды. Студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша белсенді ынтымақтастық жалғасуда (Сапиенца, Салерно, Кассино, Неаполь және Феррара университеттері). 2023 жылдың қазан айында Өскемен қаласында Amanzholov University базасында Генуя университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Қазақстандық студенттер Италия жоғары оқу орнының филиалында оқуға және қос диплом алуға мүмкіндік алады.


Сондай-ақ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Марке политехникалық университеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Саясат Нурбек и Анна Мария Бернини

コメント


bottom of page