Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты мен Қытай ғылым академиясының Шэньян автоматтандыру институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы ММашИ-ң өкілдері Қытай мемлекетіне академиялық және ғылыми қарым-қатынас орнату мақсатында іс-сапарымен келді.
Кездесу аясында бас директор Амандық Қуатұлы Төлешов, Шэньян автоматтандыру институтының вице-президенті Ли Улян Динг және Қытай Ғылым академиясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті У Янь ғалымдарды, ғылыми-техникалық кадрларды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, машиналар мен механизмдер механикасы және робототехника саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы жұмыстарды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты талқылады.
Келіссөз барысында тараптар бірлескен зерттеулер мен технологияларды әзірлеу, білім беру мен оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ еркін және ашық пікір алмасу үшін жағдай жасау қажеттігі туралы өзара келісімге келді.
Қытай ғылым академиясының Шэньян автоматтандыру институты 1958 жылы құрылған. Негізінен мехатрондық инженерия, үлгіні тану және интеллектуалды жүйелер, басқару теориясы және басқару инженериясы, компьютерлік қолданбалы технологиялармен айналысады.
Делегация мүшелері сонымен қатар Сиян Сун зауытында болып, механика және машина жасау саласындағы мобильді роботтар, манипуляторлар, көтергіштер және т.б. сияқты озық технологияларымен танысты.
Kommentare