ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-дан кейінгі аппеляция талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тестілеу аяқталғаннан кейін, талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Егер сұрақтардың құрамына немесе техникалық себептерге байланысты аппеляцияға беретін болса, оның 30 минут уақыты болады. Отырған орнындағы компьютерден аппеляцияға бере алады. Аппеляция 30 күннің ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі», - деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол ҰБТ-дағы нәтиже тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығаралатынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электрондық форматта өтеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте т апсыруға болады. Таратылған мәліметке қарағанда, тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.
Тестілеу нәтижелері ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Әрбір талапкер жеке компьютерде отырып, ҰБТ тапсырмаларын орындайды.
Автор: Руслан Ғаббасов
Comments