top of page
Search

Ұлттық ойындар қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу жоспарына енгізілді

Ұлттық ойындар қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу жоспарына енгізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» іс-шаралар жоспарын ұсынды.

«Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру ағымдағы жылдың наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады. Барлық іс - шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:

  • Қыркүйек – «Сергіту сәті»

  • Қазан – «Әнұран айту»

  • Қараша – «Асық ату»

  • Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»

  • Қаңтар – «Қазақ есебі»

  • Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»

  • Наурыз – «Домбырашылар»

  • Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»

  • Мамыр – «Жасыл мекен».



Comments


bottom of page