top of page
Search

Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты

Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Байқау сынағы Педагогтердің білімін бағалауға (бұдан әрі – ПББ, бұрын – ҰБТ) дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Ұстаздарға ҰТО сайтында https://prob-teacher.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, тест түрін таңдап, байқау сынағына кірісу керек. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

«Педагогтерге арналған ПББ-ның жаңа форматына сәйкес тестілеу екі блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма. Осыған байланысты біз байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынақтарының көмегімен педагогтер өздерінің дайындығын жақсартып, тестілеудің жаңа форматымен таныса алады», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар ПББ-ға дайындалу мақсатында ұстаздар ҰТО сайтының «Педагогтерге» бөлімінде тест тапсырмаларының спецификациясымен таныса алады. Сондай-ақ, сайтта тестілеудің сұрақтары ұсынылған әдебиеттердің тізімі жарияланды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 27 наурызда 3-22 сәуір аралығында өтетін ПББ-ға өтініштер қабылдау басталды. Тестілеуге тіркелу ҰТО-ның https://app.testcenter.kz/ сайтында онлайн жүзеге асырылады.


תגובות


bottom of page