top of page
Search

Әуезов Университетінің студенті «Экофильтр» стартап жобасын жеңіп алды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 3 курс студенті Ильясова Озада 1 200 000 теңге сомасына «Экофильтр» стартап жобасының жеңімпазы атанды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Барлығы 76 команда қатысқан байқауда, М. Әуезов атындағы ОҚУ командасының жобасы үздік стартап-жобалардың бірі ретінде атап өтілді.


Байқау кампусты тұрақты дамытуға бағытталған университет қауымдастығының жасыл ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларын қолдау бағдарламасы бойынша өткізілді.


Sustainability Living Lab бағдарламасын Назарбаев Университетінің тұрақты даму Кеңсесі және «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асырады.


























Comments


bottom of page