С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің топ-менеджменті Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) зауытының басшылығымен кездесті. KPI – Қазақстанның мұнай-химия өнеркәсібінің тарихындағы шикізатты терең өңдейтін алғашқы ірі зауыт, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл кездесуде екі тарап үшін де стратегиялық маңызы бар мәселелер талқыланды. Кездесуде талқыланған мәселенің бірі Румыниядағы KMG Rompetrol компаниясының Петромидия мұнай-химия кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өткен студенттер үшін KPI кәсіпорнында дуалды оқыту мүмкіндігін қарастыру болды.
Кездесуде KPI тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша зауыт пен университеттің коррозия орталығы арасындағы ынтымақтастық мәселесі де талқыланды.
KPI зауытымен серіктестік университеттің ғана емес, өңірдегі мұнай-газ саласының да дамуына үлес қосады.
Comments