12 қазақстандық оқушы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер атанды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды.
Химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.
Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.
Comments