top of page
Search

200-ден астам колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды

200-ден астам колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде 219 колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік колледж жабылды.


Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздегі 519 колледжде мемлекеттік аттестаттау өтті. Аттестаттау нәтижесі бойынша Алматы, Астана қалаласы, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ұлытау, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жақсы көрсеткіштер байқалады.


Дегенмен, ел бойынша үш жүзден астам колледж аттестаттаудан өтпеді. Олардың басым көпшілігі Шымкент қаласы мен Павлодар, Қызылорда облыстарында. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында да көрсеткіш төмен.

«Бақылау шаралары басталмас бұрын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Мемлекеттік аттестаттау техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар проблемаларды анықтап берді. Қазір Астана қаласы, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы тоғыз жекеменшік колледждің қолданыстағы лицензиясы мен білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға қосымшаларды қайтару жұмысы жүргізілуде. Бұл колледждер білім беру қызметін жүргізбейді. Сондай-ақ лицензияға қосымшасы болмаса да білім берген 10 колледж анықталды», - дейді Комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Талдау қорытындысы бойынша жұмыс жоспарлары, оқу жоспарының пәндері мен модульдері бойынша оқу бағдарламалары, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін базалық, кәсіптік модульдерді оқыту бойынша бұзушылықтар анықталды.


Уәкілетті органдарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетуге қатысты ұсынымдар берілді.


Komentáře


bottom of page