top of page
Search

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды. Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1 101-і - ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.


Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінді. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Ал биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебеге үш жылдан кем болмауы керек) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды.
Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Биыл қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық оқуға түсті.

Оқушылардың ең көп таңдаған салалары - құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі




Comments


bottom of page