top of page
Search

2023 жылдың үздік әдіскерлері

Биыл Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары арасындағы республикалық байқау Атырауда өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Шара тіл меңгерту бойынша ұтымды әдіс-тәсілдерді игеруге ынталандырып, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.


Үш кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы бөлігінде қатысушылар өзін және авторлық бағдарламасын таныстырды.


Екінші кезеңде отандық және шетелдік танымал әдіскерлердің сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері, пікірлері туралы сұрақтар берілді. Қатысушы ұяшықтардан таңдалған сұрақтарға толық жауап беруге тиіс болды.


Соңғы кезеңде В1 деңгейіне сәйкес келетін өзге этнос өкілдерінен тұратын 5-10 тыңдаушы сынама топ ретінде қатысып, үміткер оларға сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) жағдаяттық тапсырма беріп, 20 минут көлемінде сабақ жүргізді.


Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар келесі тәртіпте анықталды:

  • Бас жүлде: Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы;

  • 1-орын: Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Елесбаева Жанар Әлмұхаметқызы;

  • 2-ші орын: Ақтөбе облысы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Нұржанова Ақмарал Серікқызы

  • 2-ші орын: Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ағымбаева Мүнира Шайхсламқызы;

  • 3-орын: Жамбыл облысы, Қордай аудандық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Әшімхан Алтынай Бақытқызы;

  • 3-орын: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Крікпенова Гүлмира Талғатқызы;

  • 3-орын: Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Жақанова Айман Сейілбекқызы.

Сондай-ақ Павлодар қаласының «Ана тілі» орталығының ұстазы Артықпаева Ақмарал Елдібайқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы тілдік дайындық кафедрасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ақмарал Саркенқызы, Астана қаласы «Руханият» КММ-сі мемлекеттік тіл оқытушысы Сейдахметова Айман Қалдыбекқызы, Алматы облысының «Тіл» оқу әдістемелік орталығының оқытушысы Дусанбаева Гүлмира Әбілқасымқызына ынталандыру сыйлығын иеленді.



Comments


bottom of page