top of page
Search

2023 жылғы шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Мемлекет басшысының әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін қазақстандық зерттеуші университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейінгі ғылыми тағылымдамадан өту үшін жыл сайынғы негізде 500 стипендия беретінін қамтиды.


«Басым бағыттарының тізбесі «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар», «Білім беру», «Медицина», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» және т.б. сияқты өзекті зерттеу салаларын қамтиды», – деді Олжас Сәкенов.





















Komentarze


bottom of page