top of page
Search

«Alageum Еlectric» компаниясы кәсіпорындарының базасында Сәтбаев Университетінің филиалдары ашылды

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ делегациясы «Alageum Electric» компаниялар тобының өндірістік алаңдарында, атап айтқанда Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ және Шымкент қаласындағы «Asia Trafo» ЖШС ұйымдарында болды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Кентау трансформатор зауыты» АҚ базасында «Машина жасау» кафедрасының және «Asia Trafo» ЖШС базасында «Энергетика» кафедрасының филиалдары ашылды.


Аталмыш өндіріс орындарында кафедралар филиалдарының ашылуы бірнеше мәселені бірден шешуге мүмкіндік береді, әсіресе студенттерімізді өндірістік тәжірибеге жіберуге жол ашады. Студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға ықпал ететін практикалық дағдыларды меңгеріп шығады. Сонымен қатар оқытушыларға қосымша тәжірибе жинақтау мәселесі де шешімін таппақ. Ал өзара ынтымақтастық қарым-қатынас компанияның да талаптарын қанағаттандырады. Дуальды білім беру бағдарламасы аясында кафедра филиалдарының ашылуы кадрларды тікелей кәсіпорында жүріп даярлауға мүмкіндік береді.


Өйткені студенттерді кәсіпорынның жоғары білікті мамандары оқытатын болады.














留言


bottom of page