Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығын дамыту» атты республикалық семинар өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Іс-шараға Ақмола, Қостанай, Түркістан қалалары мен аудандарынан және еліміздің басқа облыстарынан барлығы 50-ден астам жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ Altynsarin Institute-ң студенттері қатысты.
Семинар бағдарламасында жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру және бағалау мәселелері енгізілді.
«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы, PhD докторы Ә. Ескермесұлының айтуынша, білім беруді цифрландыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Altynsarin Institute-де ғылыми зерттеулердің жетекші бағыттарының бірі болып табылады.
Жиын барысында көтерілген мәселелер мен ұсынылған тәжірибе бойынша сындарлы пікірлер айтылып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын нығайту мақсатында білім беру қызметінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Республикалық семинар жұмысының нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Kommentare