top of page
Search

Amanzholov University-де италиялық университет филиалы ашылады

Amanzholov University базасында Италияның Генуя университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды, «Современное образование» журналы университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Құжат негізінде қос дипломды білім беруді дамыту, бірлескен халықаралық жобалар, гранттар санын ұлғайту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасулар жатыр.


Серіктестік шеңберінде жаңа қос дипломды бірнеше білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Атап айтқанда, «Жаһандық экономика», «Туризм», «Инклюзивті білім беру» мамандықтары.


Айта кетейік, жоғары оқу орындарының серіктестігі инклюзивті және түзету педагогикасын дамытуға бағытталған. Бұл үздік еуропалық тәжірибелерді қолдана отырып Қазақстан үшін кәсіби кадрлар даярлауға бірегей мүмкіндік береді. Одан бөлек, тығыз ынтымақтастық елдердің этнопедагогикасы мәселелерінде ұлттық дәстүрлермен алмасу үшін Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени диалогты белсенді дамытуға серпін береді.


Келіссөз барысында тараптар С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында итальяндық-қазақстандық мәдени орталық ашу жайын талқылады. Орталықты 2024 жылдың көктемінде ашуды жоспарлап отыр.


















Comentários


bottom of page