top of page
Search

«BALA QORGAU» телеграм-ботына 500-ге жуық өтініш келіп түсті


Ағымдағы жылдың басынан ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bala Qorgau» телеграм-ботына 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі отбасындағы жанжалдарға, балалар мен педагогтер арасындағы қарым-қатынасқа, сондай-ақ жәбірлеуге қатысты болды.


«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әрбір өтінішке баса ден қойып, әрбір мәселені толық шешілгенге дейін мұқият қадағалайды. Барлық сұраныстар тәулік бойы өңделеді. Ата-аналар мен балалардың құқықтық және психологиялық көмекке мұқтаж екені байқалады. Балаларға психологиялық қолдау шұғыл түрде қажет екені анық. Көптеген жұмыс басты ата-аналар балаларына жеткілікті түрде уақыт пен көңіл бөлмейтіні анық. Осыған орай Комитет ата-аналарды балалармен тығыз қарым-қатынас құрып, барынша көп уақыт бөлуге шақырады. Бұл қайғылы жағдай мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін маңызды», - деп жеткізді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, аталған бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ. Бүгінде әркім «Bala Qorgau» чатына жүгіне алады, оның QR-коды барлық білім беру ұйымдарында орналастырылған. Бұл ресурс мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған оқушылар мен олардың ата-аналарына көмектесуге бағытталған.


BALA QORGAU

Commentaires


bottom of page