top of page

Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен кездесу өтті

Coursera компаниясының бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальдамен кездесу өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Coursera компаниясының Бас атқарушы директоры Джефф Маджонкальда «Coursera қазақ тілінде» жобасына қатысушы 25 аймақтық университет ректорлары, проректорлары және студенттерімен кездесті.


Жиынға қатысушылар өңірдегі оқу орындарының академиялық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаның алғашқы нәтижелерін үлкен қызығушылықпен талқылады.


«Бүгінгідей жаһандану мен цифрландыру жағдайында халықаралық еңбек нарығындағы бәсекенің артуы ұлттық білім беру жүйесінің ашық әрі бәсекеге қабілетті, үздіксіз оқу мен кәсіби дағдыларды дамытуға жол ашатын – икемді үлгісіне қажеттілік тудырды. Біз «Coursera қазақ тілінде» жобасы аясында әлемнің ең үздік профессорларының курстарын қазақ тіліне аударуды бастадық. Бұл – еліміздің болашағы, тіліміздің әлеуеті, білім сапасын көтеру тұрғысынан өте маңызды бастама», - деді министрі Саясат Нұрбек.

Comentarios


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page