top of page

Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасындағы Марке Политехникалық университетінің филиалы: зерттеулер мен инновацияларда көшбасшыларды даярлау


Universita’ Politecnica delle Marche (UNIVPM) – Италия Республикасының Анкона қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны. Университет QS WUR әлемдік рейтингінде 751-760-орын, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы бойынша 201-250-ші орын, QS WUR By Subject пәндік рейтингінде биология бойынша 501-550-ші орын, Times Higher Education WUR 2025 рейтингінде 601-800-ші орын, жаратылыстану ғылымдары бойынша 401-500-ші орын, инженерлік ғылымдар бойынша 601-800-ші орын, Times Higher Education WUR by Subject пәндік рейтингінде бизнес және экономика пәні бойынша 501-600-ші орын алады. 2024 жылғы 25 қыркүйекте Италия мен Қазақстанның білім және ғылым министрлерінің, сондай-ақ екі университет ректорларының қатысуымен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында Марке Политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою салтанатты рәсімі өтті. Жетісу университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев біздің редакцияға өз жұмысын бастаған белгілі итальяндық жоғары оқу орнының филиалы туралы айтып берді.


– Ермек Әбілтайұлы, ең көне өңірлік университеттердің бірін басқарғаныңызға бір жыл болды. Сіздің басшылық кезеңіңізде Марке Политехникалық университетінің филиалын ашу негізгі мәселелердің бірі болды. Айтыңызшы, бұл идея қалай пайда болды?


– Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономика сұраныстарына сәйкес жоғары білім беру жүйесін қайта форматтауды тапсырды. Бұл мәселені шешу үшін әлемнің жетекші университеттерінің, әсіресе өңірлерде филиалдарын ашу міндеті қойылды. Өздеріңіз білетіндей, Жетісу облысы – Қазақстанның маңызды аграрлық өңірлерінің бірі, сондықтан осы саладағы жетекші итальяндық университеттердің бірі – Марке Политехникалық университетімен (UNIVPM) ынтымақтасу туралы шешім қабылданды. 2023 жылы осы университетпен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, 2024 жылғы 25 қыркүйекте филиал ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.


Марке Политехникалық университеті – ғылымға, инженерияға, агрономияға, биотехнологияға, экономика мен медицинаға маманданған жетекші итальяндық мемлекеттік университет.

Ол халықаралық деңгейде танылған, QS WUR (2025 #751-760) және Times Higher Education (2025 #601-800) әлемдік рейтингтеріне кіреді және Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EUA) мүшесі болып табылады. Университет сонымен қатар Италия университеттерінің ректорлар конференциясының (CRUI) мүшесі. Білім алушылар контингенті 19 000 адамды құрайды, оның 5%-ы халықаралық студенттер. Профессор-оқытушылар құрамы – 1400 адам. Университет Италияның жоғары білім беру жүйесінде шешуші рөл атқарады, зерттеулер мен инновацияларда жетекші орын алады және сапалы оқытуды ұсынады.

Жетісу университетінде филиал ашу үшін серіктес ретінде Марке Политехникалық университетін таңдау бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, оның аграрлық ғылымдар саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі Жетісу облысының даму басымдығына сәйкес келеді. Екіншіден, университеттің мықты ғылыми базасы, заманауи зертханалары және инновациялық технологияларды әзірлеуде мол тәжірибесі бар. Үшіншіден, осындай беделді ЖОО-мен әріптестік Жетісу университетіне халықаралық білім беру стандарттарын енгізуге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және студенттерге қос дипломды бағдарламаны ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың кәсіби перспективаларын едәуір кеңейтеді.

2024 жылы «Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттері арасынан агрономия бакалавры – ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары қос дипломдық бағдарламасының екінші курсына бес студентті және бірінші курсқа алты студентті бірінші қабылдау өткізілді.

Ағымдағы жылы «Әлемдік экономика және коммерция – Экономика және басқару» магистрлік бағдарламасын ашу жоспарлануда.

 

– Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы қандай?


– Жыл сайын Марке Политехникалық университетінің кемінде он ғалымы Жетісу университетіне сабақ беруге келеді. Мысалы, 2024 жылы олардың арасында PhD докторлары Сара Рушиони (Sara Ruschioni) жцне Лука Маццони (Luca Mazzoni) болды.

UNIVPM-де әртүрлі ғылыми салаларға айтарлықтай үлес қосқан көрнекті профессорлар мен ғалымдар жұмыс істейді.

Бұл профессор Джан Лука Грегори (Gian Luca Gregori) – экономика және менеджмент саласындағы сарапшы, қазіргі уақытта университеттің ректоры; өзінің азаматтық құрылыс және инженерия саласындағы зерттеулерімен танымал профессор Франческо Канестрари (Francesco Canestrari), оның жұмысы 4500-ден астам дәйексөзге ие болды; профессор Рафаэль Заноли (Raffaele Zanoli) – 18 жылдан астам зерттеу тәжірибесі бар аграрлық экономика саласындағы сарапшы; профессор Паоло Кастеллини (Paolo Castellini) – механикалық және жылу өлшеу саласындағы маман, инженерия факультетінде сабақ береді. Бұл ғалымдар мен оқытушылар Марке Политехникалық университетінде білім мен зерттеулердің жоғары деңгейіне ықпал етеді, оның Италиядағы жетекші оқу орны ретіндегі беделін нығайтады.


 

– Ал осы белгілі тұлғалардың қайсысы UNIVPM-ді бітірді?


– Марке Политехникалық университетінің танымал түлектерінің арасында: итальяндық саясаткер, 2020 жылдың қазан айынан бастап «Италия Бауырлары» партиясының Депутаттар палатасының мүшесі Лючия Альбано (Lucia Albano); липидтер және қатерлі ісік саласындағы танымал америкалық зерттеуші, жаңа саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды жасауға және липидтермен байланысты патогенезді зерттеуге маманданған профессор Маурицио Дель Поэта (Maurizio Del Poeta); Еуропа кеңесінде қаржылық стратегия бойынша губернатор-лейтенант қызметін атқаратын итальяндық экономист Карло Монтичелли (Carlo Monticelli); IT саласындағы сарапшы Роберто Россини (Roberto Rossini) сияқты тұлғаларды атап өтуге болады.


– Филиалдың даму перспективалары қандай?

– Алдағы жылдары біз агроөнеркәсіптік кешен, тамақ инженериясы, цифрлық технологиялар және туризм саласында жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін қос дипломды білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл өңірден жастардың кетуін азайтуға және Жетісу экономикасының кадрлық әлеуетін күшейтуге көмектеседі.


І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА МАРКЕ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫНА ТҮСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

• бакалавриаттың қос дипломды білім беру бағдарламасы 6В08102 – Агрономия (Жетісу университеті) – Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары (UNIVPM).

Түлектер ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары саласындағы бакалавр дәрежесін беретін итальяндық дипломды және ауыл шаруашылығы саласындағы бакалавр дәрежесін беретін қазақстандық дипломды алады.


ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

- ҰБТ нәтижесі – 50 балдан кем емес;

- ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1 деңгейінен төмен емес (IELTS сертификаты – 5,5 балдан кем емес).

Шетел азаматтары үшін:

- әңгімелесуден өту;

- ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1 деңгейінен кем емес (IELTS сертификаты – 5,5 балдан кем емес).

 


ГРАНТТАР

Қос дипломды бағдарламаға қабылдау ағымдағы жылдың стандартты түсу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу мемлекеттік білім беру гранты есебінен де, ақылы негізде де жүргізіледі.


ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ

Оқудың бірінші жылында студенттер жалпы білім беру пәндерін оқиды және IELTS тапсыру үшін ағылшын тілінің деңгейін көтереді. Екінші және үшінші курстар Марке Политехникалық университетінің кем дегенде он ғалымының қатысуымен ЖУ базасында өтеді. Соңғы оқу жылы және тәжірибеден өту UNIVPM-де өтеді. Осы уақытқа дейін студенттер ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес, ал итальян тілін A2 деңгейінен төмен емес дәрежеде білуі керек.

Университеттер студенттерге ішкі істер органдарында тіркелуге, медициналық сақтандыруға, жергілікті заңнамаға сәйкес орналастыруға, пәндерге тіркелуге, университетке бейімделуге және т.б. көмек көрсетеді.

Филиалдың қос дипломды бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу-зертханалық кешен (оқу корпусы, зертханалық корпус, жаңа буын жылыжайы) салынды. Төрт зертхананы: Молекулалық генетика және геномика зертханасын, Биотехнология зертханасын, Экология зертханасы мен Өсімдіктердің микроклоналды көбею зертханасын қамтитын Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді.

Студенттердің тұруы және демалуы үшін қолайлы жағдай жасалған үш жайлы жатақхана бар. Студенттерге арналған жүзу бассейні, әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттығу және спорт залдары, Балқаш және Алакөл көліндегі стадион мен демалыс аймақтары жұмыс істейді.


БАЙЛАНЫСТАР

Тел.: +7 (728) 222 25 42

Электрондық пошта: bak@zu.edu.kz

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, І. Жансүгүров көшесі, 187А

Komentari


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page