top of page
Search

Korkyt Ata University және Қырғызстан университеті қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлауда

Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің базасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Саясат Нурбек и Сунь Яо


Қырғыз серіктестер 2023 жылдың 7 шілдесінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде университеттің өкілдігі үшін кабинет пен материалдық-техникалық базаны тегін ұсынды.


Келісім шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын: білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, магистрант, докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын өзара кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға, халықаралық рейтингтерге қатысуға, шетелдік студенттерді жалдауға, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға келісті.


Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетіне Қырғыз Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 шілдедегі №243 Жарлығымен кең ұйымдастырушылық, қаржылық және академиялық дербестікті көздейтін ерекше мәртебе берілді. Сонымен қатар, осы университетке Қырғыз мемлекеттік заң университеті қосылды.


Университетте 28 мыңға жуық студент бар, оқыту бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 145-тен астам білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.


Болашақта Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру жоспарлануда.

Комментарии


bottom of page