«Study in Kazakhstan» көрмесі
- Редакция "СО"
- Apr 3
- 1 min read
3-12 сәуір аралығында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Study in Kazakhstan» атты ауқымды көшпелі білім көрмесі өтеді.

Көрме барысында жетекші қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары өкілдерімен кездесіп, ҰБТ-2025 және грант туралы ақпарат алып, IELTS тапсыру жолдарымен таныса аласыздар.
3-4 сәуір – Ақтөбе қаласы, Студенттер сарайы, Ә. Молдағұлова даңғылы 34,
7-8 сәуір – Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттер даңғылы 1.
10-11 сәуір – Ақтау қаласы, Оқушылар сарайы, 17 ш/а, 17/1 ғимарат.
11 сәуір – Жаңаөзен қаласы, Мұнайшы мәдениет үйі, Жалын ш/а, 1В ғимараты.
Көрме аясында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ерекшеліктерін ескере отырып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру бойынша шеберлік сабақтары мен түрлі викториналық ойындар өткізіледі.
Comments