top of page
Search

«Technowomen» ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Technowomen» ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Министр Саясат Нұрбек пен «TechnoWomen» қауымдастығының президенті Азиза Шужеева ҒЖБМ мен «Тechnowomen» ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қабылданған меморандум әйелдер мен қыздар үшін STEM тәртіпте, ғылымда және инновацияда жаңа мүмкіндіктерге жол ашуды көздейді.

TechnoWomen – технологиялық индустрия мен инновацияда, цифрлық трансформацияға қабілетті және білімді, цифрлық құқықты, ақпараттық-байланыс технологияларын меңгерген нәзік жанды азаматшалардың басын қосқан еліміздегі жалғыз коммерциялық емес ұйым. Меморандум аясында кәсіби білікті әйелдер қауымымен жоғары білім мен ғылымға атсалысып, адами капиталды дамытуға үлесін тигізіп жүрген, жоғары оқу орындарында ғылыми және кәсіби іс-шараларды, бағдарламаларды ұйымдастыруда бірлесе қызмет ету көзделген.





bottom of page