top of page

Абай университетінде Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілімен кездесу өтті



Абай атындағы ҚазҰПУ-да Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd (Қытай) компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Абай университеті мен Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd арасындағы дрондар зертханасын құру және дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.  

 

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспары егжей-тегжейлі талқыланды. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті базасында дрондар зертханасын құруға, сондай-ақ Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.



 

«Біздің компания – кішігірім лаборатория іспеттес. Қазіргі уақытта мен дрон және роботтарды құрастырып, олардың құрылымын дамытудамын. Біздің дрондар жасанды интеллектті енгізуге, сондай-ақ ойынға негізделген оқыту әдістерін жасауға болатын дрондарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда студенттерге компьютерлік технологиядан сабақ беремін, олардың осы салаға белсене араласуына жағдай жасап жатырмын», - деді Тяньцзинь университетінің профессоры Own Chung-Ming.

 

Екі ел арасындағы кездесу екі ұйымның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, озық технологиялардың дамуын жеделдететін және студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастыққа берік негіз болды.

Комментарии


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page