Ілияс Жансүгіров шығармашылығын пәнаралық зерттеу
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Екі ғасырдың тоғысында ұлттық мәдениет пен әдебиетті, білім мен ғылымды дамытқан, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, санасын ояту жолында адал қызмет көрсеткен зиялы топ қалыптасты. Осы топтың ішінде Ілияс Жансүгіров те болды. Ілиястануда әлі зерттелмеген, бірақ зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер көп. Соның бірі Ілияс Жансүгіров мұраларын гуманитарлық...