Білімнің мықты негізі. Астана техникалық колледжіне 85 жыл
Биыл елордалық техникалық колледжге 85 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде әр түлектің кәсіби шеберлігін, теория мен практиканы тиімді ұштастыруды, жұмыс берушілермен тығыз байланыста болуды, дәстүрді сақтауды, жаңашылдықты белсенді түрде енгізуді алға тарта отырып, кәсіби мамандарды дайындаудың бірегей дәстүрін қалыптастырды. Заманауи жабдық, тағылымдамадан өту және ірі компанияларға жұмысқа орналасу, студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық, білім беру бағдарламаларының өзектілігі...