top of page

Аймақтар рейтингі және өңірлік білім беру бағдарламалары

Арнайы айдар

IMG_5330.JPG
Құрметті оқырман!
 
 Осымен бірнеше жыл қатарынан еліміздің әр облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласының білім беру саласында атқарып жатқан істерін  «Аймақтар рейтингі және өңірлік білім беру бағдарламалары» айдарында оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Журналымыздың соңғы сандарында Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Алматы қаласының білім беру мен тәрбие ісі саласына арналған мақалалар топтамасы мен арнайы шығарылым жарық көрді. «СО» поштасына келіп түскен хаттар мазмұнына қарағанда Қарағанды облысындағы білім беру ісін ұйымдастыру, Ақтөбе облысындағы бірегей «Бақытты бала» жобасы мен Алматы қаласының мектептерге жаңартылған білім беру мазмұнын кіріктіру тәжірибесі оқырман тарапынан қызығушылық тудырған.
Осындай тәжірибе мен бірігей жобалар әр өңірде бар екендігі даусыз. Еліміздің өзге де облыстары мен бас қаламыздағы  өскелең ұрпаққа білім және тәрбие беру ісіне арналған тәжірибелері  «Современное образование» журналы алдағы сандарында ұстаздар мен білім беру ісін ұйымдастырушылардың мақалалары мен сараптамалық шолуларда көрініс тауып, арнайы шығарылымдар жарық көретін болады.
Айдардың электрондық поштасы: regionsrating@bilim.expert 
bottom of page