top of page
Поиск

Алматыдағы оқу орындары студенттерді қабылдауға дайындалып жатыр


Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждері бірінші курс студенттерін қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».


Университеттер санитарлық талапты күшейтіп, шәкірттерін іріктей бастаған. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 1-курс студенттеріне 70 процентке дейінгі пәндерді офлайн оқуға рұқсат берген еді.


Көптен бері құлазып қалған Алматының жоғары оқу орындарындағы тіршілік қайта жандана бастады. Бүгінде дәстүрлі форматта білім алғысы келетін студенттердің тізімі жасалып жатыр. Жоғары білімді онлайн бастаған Аделя Мұхтарова бүгін жатақханадан орын алды. Енді оқуын смартфон арқылы емес, аудиторияда жалғастырады.


Аделя Мұхтарова, 1-курс студенті:

– Мен онлайн оқу кезінде өзімді студент ретінде сезіне алмадым. Оқуға түскен қалаға келіп, университет қабырғасында жүріп білім алғым келді. Міне, енді екінші семестрде осы мүмкіндікті бергені жақсы болды. Менің мамандығым шығармашылыққа жақын болғандықтан бізге тәжірибе де керек.


Офлайн жүйеге ауысуды жоспарлап отырған Алматыдағы университеттің бірінде 4500 студент бар. Оның ішінде 800 студент білімді университетте алуды жөн көріпті. Бірінші курс толықтай қамтылмақ. Ал жатақханада 50 процентке дейін ғана тұруға рұқсат берілген. Қаланың бас санитарлық дәрігері бекіткен талапқа оқу орны дайын екендерін айтады.


Лейла Түсіпова, университет проректоры:

– Университетте барлық санитарлық норма сақталған. Өткен жылдан бастап осындай форматта жұмыс істеп келе жатырмыз. Студенттер онлайн оқығанымен кейбір қызметкерлер жұмысқа шықты. Оқу орнына кіреберістерге санитарлық пост қойылған. Дене температурасын өлшейтін құрылғылар қойылған. Екі медициналық пункт жұмыс істейді. Мұнда үнемі санитарлық тазалық жүргізіліп тұрады.


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де бірінші курс студенттерін қабылдауға дайындықты бастап кетті. Оқытушылардың айтуынша, онлайн форматтан гөрі дәстүрлі білім беру тиімдірек. «Өйткені, ауыл шаруашылығы саласында теория мен тәжірибе қатар жүрмесе сапалы білім алу қиын» дейді ұстаздар. Осылайша, екінші семестрден бастап теориялық пәндер қашықтан, ал тәжірибелік сабақтар дәстүрлі жүйеде өтеді.


Бақыт Халықова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің проректоры:

– Бірінші курс білім алушыларымыз толықтай аралас оқытуға кетті. Дәріс сабағы онлайн қашықтан оқытылады. Семинар, практикалық, тәжірибелік сабақтар офлайн дәстүрлі түрде оқытамыз. Ертең біздің білім алушыларымыз келетін болса, бір бөлмеге екі адамнан артық жатқызбаймыз деген ойдамыз. Неге десеңіз, біздің жатақханамыз жеткілікті. Барлық бірінші курс білім алушыларды толықтай жатқыза аламыз.


Санитарлық талаптың сақталуы өте маңызды. Аудиторияларда әлеуметтік арақашықтық сақталып, студенттер медициналық бетперде тағуға міндетті. Өйткені бір студент коронавирус жұқтырса түгел топ карантинге жабылады. Жатақханада тұратын студенттердің өзге бөлмедегі достарына қонаққа баруына да тиым салынған. Авторлар: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон, Әбен Нарынбаев


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page