top of page
Поиск

Алматыда 10 кітапхана толықтай жаңартылды


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында кітапханалар базасында балалар мен жастарға пайдалы орталықтар құру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалада әкімнің тапсырмасы бойынша мегаполистің кітапхана жүйесін модернизациялау жалғасып жатыр. Былтырдан бері 10 кітапхана толықтай жаңартылды.


«Қазір бұл орындар шаң басқан кітап қоймасы емес, заманауи кітап үйіне айналды. Алтынсарин даңғылындағы 37-үйде орналасқан Қазақстандық жазушылар кітапханасына барғанымда әкімдіктің қолдауымен шығарылған сөз шеберлерінің басылымы таныстырылды. Жалпы таралымы 65 мың дана болатын 30 түрлі кітап қаланың барлық кітапханасына таратылды», - деп жазды Б. Сағынтаев.


Сондай-ақ қала әкімі Алатау ауданындағы жаңартылған №44, Түрксібтегі №26 мен №1 кітапханаларда болды.


«Кітап сақтаудың заманауи жүйесі ондағы бос аймақты тиімді пайдалануға, яғни шығармашылық, шеберлік сабақтарына, отбасылық оқу сағаттарын өткізуге орын бөлуге мүмкіндік береді. Біз кітапханалардың жұмыс уақытын барынша ұзартып, демалыссыз қызмет көрсетуіне тырыстық. Кітапхананың барынша қолжетімді әрі келуші үшін қызықты болуына мән бердік», - деді әкім.


Осы мақсатта танымал және жас жазушылармен кездесулер, шығармашылық кештер мен тақырыптық үйірмелер өткізіледі.


«Жаңғыртудан кейін оқырмандар саны 25%-ға, кей жерде 50%-ға көбейді. Әсіресе, оның көбі балалар екені қуантады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.


Comments


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page