top of page
Поиск

Елордада оқуда озат балаларға 50 мың теңгелік сертификаттар үлестірілді


Нұр-Сұлтан қаласында тағы да 450 оқушыға жаңа жылдық сый-сияпат пен 50 мың теңгелік сертификат үлестірілді. Шәкірттердің барлығы дерлік оқуда озат болғандар. Олардың қатарында аз қамтылған жанұялардың балалары бар.


Ақмарал Хон, Білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы:

- Сыйлық жиынтығы деп жатырмыз, оның ішіне қала әкімінің құттықтау хаты, сонымен қатар ойыншықтар, тәтті сыйлық және киім дүкеніне 50 мың теңгелік сертификат табысталады.


Жалпы іс – шара ерекше форматта ұйымдастырылған. Биыл жаңа жылдық жиындарға тыйым салынғандықтан әр мектептен бір-бір Аяз ата мен ақшақар сайланып, оқушылар сарайынан сыйлықтарды алып кетеді. Мұнан соң озат оқушының үйіне барып, қашықтықтан баланың тақпағын тыңдайды. Дәл осы мезетте арнайы сыйлық пен сертификат табысталады. Ертегілер еліне сеніп, Аяз атаны күтетін балалар үшін бұл нағыз тосынсый болды дейді ұйымдастырушылар. Осыған қарамастан мектептер мерекелік ертеңгілікті онлайн режимде өткізуді де жоспарлап қойған.


– Біздің басты мақсат осындай жағдайға қарамастан санитарлық талаптарды сақтай отырып, дарынды, көп балаларды үйдегі оқушыларды құттықтау. Жақсы көңіл-күй сыйлау болып табылады. Балалардың көңіл-күйі өте жақсы.


Источник: 24.kz

Comments


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page