top of page
Поиск

Елімізде ғылым саласын қаржыландыру тәсілдері өзгереді


Ғылымды қаржыландыру ашық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Ал, ғылыми зерттеулерге республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Сенат бүгін ғылым саласындағы мәселелерді реттейтін заңды қабылдады. Құжатта ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылды.


«Ғылымды қаржыландырудың ашықтығы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», - дейді сенаторлар. Ғалымдарды қолдау мақсатында жыл сайын үздіктерге арнайы сыйлық беріледі.


Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қабылданған заң ғылым саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың және барлық ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық ғылыми кеңестер мен Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыреттері нақтыланады. Ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды әлеуметтік қолдау мен көтермелеу де көзделіп отыр. Осы мақсатпен жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қарастырылған. Жалпы бұл заң елімізде ғылым саласын дамытуға өзінің үлесін қосады деп сенеміз.


Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Comments


bottom of page