top of page
Поиск

Интернеттегі отандық білім беру ресурстарын тегін ұсыну керек – Мемлекет басшысы


Интернет тарифтері аясында отандық білім беру ресурстарын мектептерде тегін ұсыну керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл қадам оқушылардың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға айтарлықтай ықпал етті. Қашықтан білім беруді дамытудың осы әдісін тоқтатпай жалғастыра беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ интернет тарифтері аясында отандық білім беру ресурстарын мектептерде тегін ұсыну керек. Үкіметке бұл шешімдерді жан-жақты пысықтауды тапсырамын», - деді Қазақстан Президенті.



Автор:

Марлан Жиембай



#Қазақстан Президенті #Білім #Ұлттық кеңес #Ұлттық кеңес - 25.02.2021


Comments


bottom of page