Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында Мажарстан Халық Республикасының өкілдерімен кезекті кездесті.
Бұл туралы бүгін музей өкілдері Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда ұлттық парк аумағында тарихи ғұндар қонысын қалпына келтіру жоспарланып жатқандығы айтылады.
«Оның қайта құрылуы ғұндардың ертедегі түріктермен тығыз байланысымен анықталады. Кездесу барысында Мажарстандық «Тұран» қорының жетекшісі Андраш Жолт Биро, Будапешт қаласының Табиғи тарих музейінің директоры және ғылыми қызметкері ғұндар қоныстарын зерттеу және қайта құру, археологиялық объектілерді музейге айналдыру бөлігінде жобаны қолдауға дайын екендіктерін білдірді»,-діленген хабарламада.
#Ғылым #Қазақстан тарихы
Comments