top of page

«Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу басталды

  • news_one
  • 17 мар. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

«Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.


«24 наурызға дейін ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Олимпиадаға еліміздегі ауыл мектептерінде соңғы екі жыл бойы білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатыса алады», делінген хабарламада.


Жеңімпаздар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші білім беру ұйымдарында және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Айта кетерлігі, «Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге бағытталған. Олимпиадаға тіркелу мына сайтта өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.


Еске сала кетсек, былтыр желтоқсан айында ауыл оқушылары арасында өткен «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталған еді.


Автор: Аяулым Алтынбек



#Білім #Ауылдық аумақтарды дамыту


 
 
 

Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page