top of page
Поиск

Студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды


Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, құжат «eGov» сайтында және «eGov mobile» мобильдік қосымшасында қолжетімді.


Жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша «Цифрлық құжаттар» сервисі «eGov mobile» электрондық үкімет қосымшасының басты бетінде орналастырылған. Студенттің басқа да жеке құжаттарымен бірге электронды студенттік билеті осы сервистің ішінде орналастырылған. Мобильді қосымшаны Google Play және AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшада ЭЦҚ немесе бірреттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту қажет.


«Барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қағаз түріндегі студенттік билеттерге қыруар қаражат жұмсайды. Орташа есеппен әрбір студенттік билет 1000-1200 теңге тұрады. Студенттік жеңілдіктерді пайдалану барысында қағаз құжаттардың шынайылығын растау қиындық тудырып жататыны белгілі. Ал «eGov mobile» мобильді қосымшасында құжаттың шынайылығын электрондық үкімет растайды. Сондықтан студенттік билеттерді сандық форматқа ауыстыру ақша үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болып табылады», — деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page