top of page
Поиск

Тараздағы NIS оқушыларының стартап жобасы Орта Азияда ел намысын қорғамақ


Тараздағы NIS оқушыларының UnApp Space стартап командасы «Techstars StartUp Weekend» конкурсында жеңіске жетіп, өз жобаларын дамытуға 1000$ көлемінде грантқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Дамытылған жоба наурыз айының соңында Орталық Азия кезеңінде ел намысын қорғайтын болады, Байқауды Қазақстанның ең ірі стартап инкубаторларының бірі – MOST ұйымдастырды.


«Байқаудың екі күнінде біз өз өнімімізді жетілдіру мақсатында тынымсыз жұмыс жасадық. Бүгінгі жеңісіміз – қазақстандық нарықта ірі EdTech компаниясын құру жолындағы тағы бір қадам болып отыр», – дейді жоба қатысушысы, 12 сынып оқушысы Саяжан Оңласын.


UnApp Space – бұл автоматтандырылған режимде шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған платформа.


Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлер Назарбаев Университеті жанындағы стартап инкубацияның екінші кезеңінен өтіп, өз өнімдерін түлектер арасында танымал етуге тырысуда.



Автор: Сая Сембай


Comments


bottom of page