top of page
Поиск

Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады


Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 80 орындық оқушылар үйі бой көтереді. Былтыр заманауи жаңа ғимараттың жобалау жұмыстарына тапсырыс берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру қолдау тауып отыр. Оқушылар үйінде жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейтін болады.


Айта кетейік, ескі аудандық оқушылар үйінің ғимараты 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған. Соғыс жылдарынан кейін ғимарат қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін берілген. Ал, 2010 жылдан бері аудандық оқушылар үйі ретінде қолданыста. Онда оқушыларға үйірме жұмысын жүргізуге ғимараттың бөлмелері жеткіліксіз болған. Сондықтан заман талабына сай оқушылар үйі бой көтермек. Жаңа білім ұясы Төлеби ауданы оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуге сеп болары анық.


Comments


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page