top of page
Поиск

Шымкентте 85 мектеп салынады


Шымкент қаласында халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын оқушы саны 15 мыңға артуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Биылдың өзінде мектепте орын тапшылығы 23 мыңға жеткен. Бұл өсім бес жылда 75 мыңға жетеді. Ал, кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін 64 900 орынға арналған 85 мектеп құрылысы жоспарланған.


«Қалған 10 000-ға жуық орынды кәсіпкерлер ғимараттарын қайта құрылымдау, жалға алу арқылы жекеменшік мектептер ашу жолымен жүзеге асырады деп күтілуде. Бүгінгі таңда қаламыздағы тойхана ғимараттарын қайта құрылымдау арқылы білім ошағына айналдыру тәжірибесі бірнеше тойхана иелеріне де ой салуда», - деді білім басқармасының басшысы.


2021 жылы қаладағы апатты мектептер шешімін тапса, сыныпта толымдылығы 35-40 оқушы болған 12 мектеп 2022 жылы, ал, үш ауысымдағы 13 мектептің мәселесі 2023 жылы толық шешіледі.


Сонымен қатар, басқарма басшысы қазіргі таңда мектеп салуға ниет білдірген кәсіпкерлер саны артқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша алдағы уақытта инвесторлар есебінен 6 мега, 10 зияткерлік, 1 халықаралық деңгейдегі мектептерге басымдық бере отырып, 46 әлеуметтік мектеп салу жоспарланып отыр.


Ақпарат көзі: inform.kz



Comments


bottom of page